Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда түнде атыс болғаны рас па: Қалалық полиция департаменті пікір білдірді

Опубликовано:

Оқиға орнынан кадр
Видеодан кадр: Telegram-канал Kris_p_almaty | Kazpress.kz

Әлеуметтік желіде өткен түнде Алматыда атыс болғаны туралы ақпарат тарауда. Бұған қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видеоларды Kris_p_almaty | Kazpress.kz Telegram-каналы жариялады.

Кадрдан жолдың бір бөлігін тәртіп сақшылары автозакпен және полиция көліктерімен жапқанын байқауға болады.

"Бүгін түнде "Лексус 570-тің" қатысуымен Сәтпаев - Назарбаев көшелерінің қиылысында атыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген видеоның жазбасында.

Алайда бұған қатысты пікір білдірген Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған учаскеде тек тергеу эксперименті жүргізілгенін мәлімдеді.

"Алматы қаласының полиция департаменті аталған учаскеде қылмыстық істі тергеу аясында тергеу эксперименті жүргізілгенін хабарлайды. Азаматтарды үрейленбеуге және тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз", - дейді полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1963079-almaty-tunde-bolgan-atys-bolgany-ras-pa-qalalyq-policiya-pikir-bildirdi/

pixel