Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында екі жүк көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды

Опубликовано:

Түркістанда екі жүк көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында ауыр жүк көліктерінің қатысуымен жол көлік оқиғасы болды. Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары аттанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Ведомство мәліметінше, Түркістан облысы Сауран ауданы аумағында Шымкент-Самара тас жолының 135 - шақырымында бір бағытта кетіп бара жатқан Renault Magnum краны мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан.

25 тонналық Renault Magnum ауыр жүк көлігінің соңынан келе жатқан ресейлік Volvo жүк көлігінің жүргізушісі қалғып кетіп, жүк көлігінің артынан келіп соққан. Салдарынан жүк көлігінің тіркемесінде тұрған кран аударылып кеткен.

Оқиға орнына жақын маңда жүрген Түркістан облысының патрульдік полицейлері жетіп, жүргізушілерге көмектесті. Олар азаматтарды қауіпсіз жерге алып шықты.

Volvo жүк көлігін Ресей Федерациясының азаматы жүргізгені анықталды.

Екі ауыр жүк көлігінің жүргізушілері зардап шекпеге. Тек көліктерге материалдық шығын келген көрінеді.

Бүгінгі таңда аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Сауран аудандық полиция бөлімінің полицейлері тексеру жұмыстарын жүргізуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1963170-turkistan-oblysynda-eki-zuk-koligi-soqtygysyp-zol-kolik-oqigasy-oryn-aldy/

pixel