Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте автосалоннан 28 миллион теңгенің көлігі ұрланды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент тұрғыны автосалоннан 28 млн теңге тұратын көлікті заңсыз айдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының соңында жергілікті автосалонның әкімшілігі тексеру кезінде автокөліктердің бірінің жоғалғанын анықтаған. Шығын сомасы 28 млн теңгені құрап отыр.

Оқиға туралы жұмысшылар дереу полицияға хабарлаған. Хабарлама СДТТБТ-не Қылмыстық кодекстің 200-бабы бойынша тіркелді.

Полицейлер көлікті айдап кеткен тұлғаны анықтау мақсатында бірқатар жедел іс-шара өткізді. Криминалдық полиция қызметкерлері автосалон жұмысшылары мен куәгер болуы мүмкін азаматтардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Жедел басқару орталығының инспекторлары көшелердің бойында орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары екі сағат ішінде Бәйдібек би көшесінде ұрланған автокөлікті анықтады.

ЖБО қызметкерлері патрульдік полицейлерге көліктің тұрған жері туралы дереу хабарлаған. Көлік құралын заңсыз иеленген азамат ұсталып, көлік салонға қайтарылды. Қазіргі таңда іс айыптау актісі бойынша сотқа жолданды.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекске сәйкес осы қылмыстық әрекетті істеген адам 1000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл төлейді немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегіледі. Сондай-ақ 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін, 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығы шектеліп, сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1965905-symkentte-avtosalonnan-28-million-tengenin-koligi-urlandy/

pixel