Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда мектептен өрт шығып, 500-ден аса адам эвакуацияланды (фото, видео)

Опубликовано:

Павлодарда мектептен өрт шықты. Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

Павлодардағы №28 мектептен өрт шықты. Қазір мұнда 50-ден астам өрт сөндіруші жұмыс істеуде. Алдын ала болжам бойынша, өрттің жалпы аумағы 200 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды оқиға орнынан NUR.KZ тілшісі.

Өрт ғимараттың шатырын, сонымен қатар екінші қабатын шарпыған. Өрт сөндірушілер бір сағаттан астам уақыт бойы жалынды ауыздықтауға тырысып жатыр.

Павлодарда мектептен өрт шықты. Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов пен Павлодар әкімі Асайын Байханов төтенше жағдай орнына аттанған.

"Таңғы сағат 8 шамасында Торайғыров көшесінде орналасқан №28 мектепте өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Төрт қабатты ғимараттың екінші қабатынан өрт шыққан. Өрт аумағы шамамен 200 шаршы метр. Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 576 адам қауіпсіз жерге шығарылған, оның 551-і балалар", - дейді Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Павлодарда мектептен өрт шықты. Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

Мектеп басшылығы өрттің физика кабинетінен шыққанын жеткізді. Мұғалім жалынды өз бетімен сөндірмек болған, бірақ әлі келмеген. Ол ауруханаға жеткізілген. Өрт дабылы соғылып, кейін эвакуация басталған.

Еске салсақ, 15 сәуірде Павлодардағы №1 мектепте де өрт шыққан болатын. Оқиға орнынан бес адам ауруханаға жеткізілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1966083-550-bala-evakuaciyalandy-pavlodarda-mektepten-ort-syqty-foto/

pixel