Алматыда 1 жасар бала көлік астында қалып көз жұмды

Опубликовано:

Көлік
Оқиға орнынан фото: Sputnik / Стрингер

Алматыда 1 жасар бала көлік астында қалып көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы жағдай Алатау ауданындағы Жапсарбаев көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

Басылым мәліметінше, Delica көлігінің жүргізушісі ауладан шығып келе жатып, кішкентай баланы байқамай қалған.

2021 жылы туған бала жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының Ескелді ауданында 36 жастағы әйелді екі баласымен бірге көлік қағып кеткенін жазған едік. Олардың үшеуі де оқиға орнында мерт болды.

Қазіргі таңда жүргузші ұсталып, қамауға алынған. Оның көлігі де арнайы тұраққа қойылған.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1966568-almatyda-1-zasar-bala-kolik-astynda-qalyp-koz-zumdy/