Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да кек алғысы келген ер адам танысының үйін өртеп жіберді

Опубликовано:

Өрт
Фото: Polisia.kz

ШҚО-да кек алғысы келген ер адам танысының үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының ортасында Алтай ауданы ПБ кезекші бөліміне Заводская көшесіндегі үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оның иесі 58 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Келтірілген залалдың сомасы 5 млн теңгеге бағаланды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жедел-тергеу тобының қызметкерлері УПИ-мен бірлесіп күдіктінің жеке басын анықтап, оны дереу ұстаған.

Күдікке ілінген азамат 58 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында күдікті осыған дейін араларында кикілжің туған танысының үйінен шамамен 50 мың теңгенің азық-түлігін ұрлап, онымен тоқтамай, араздасқан танысының үйін өртеп жібергені анықталды.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы 1-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) және 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1966693-sqo-da-kek-algysy-kelgen-er-adam-tanysynyn-uiin-ortep-ziberdi/

pixel