Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да өзгенің көлігін айдап кеткен 19 жастағы қыз бағанаға соғылды

Опубликовано:

Көлікте отырған бойжеткен
Көрнекі фото: piqsels.com

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында бөтеннің көлігін айдап кеткен қыз бағанаға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Глубокое ауданы Белоусовка кентінде болған.

”19 жастағы қыз танысының үйіне қонаққа барған. 28 жастағы ер адамның ”Тойота“ маркалы көлігін айдап кеткен ол Центральная және Юбилейная көшелерінің қиылысында бағанаға соғылды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ешкім жоқ”, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта бойжеткенге қатысты Қылмыстық Кодекстің 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Аталған баптың санкциясымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1967055-sqo-da-botennin-koligin-aidap-ketken-19-zastagy-qyz-baganaga-sogyldy/

pixel