Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып қалды (фото)

Опубликовано:

Алматы облысындағы жол апаты
Фото: Sputnik / Стрингер

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы зардап шегіп, бір адам қаза тапты.

Sputnik Қазақстан басылымының хабарлауынша, жол апаты Алматы - Көкпек – Көктал тас жолында орын алған.

Audi 100 көлігінің жүргізушісі қалаға бара жатқан, ол жолдың 36-шы шақырымында рөлге ие бола алмай қалған. Ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Renault Arkana көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

Алматы облысындағы жол апаты
Фото: Sputnik / Стрингер

Renault Arkana жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Audi жүргізушісі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Audi ішінде жолаушылар болған, қанша адамның зардап шеккені анықталып жатыр.

Алматы облысындағы жол апаты
Фото: Sputnik / Стрингер

Мән-жайды анықтау үшін апат орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1967621-almaty-oblysynda-eki-kolik-betpe-bet-soqtygysyp-qaldy-foto/

pixel