Алматы облысындағы картингте 10 жастағы бала мерт болды

Опубликовано:

Картинг орталықта 10 жасар бала көз жұмды
Оқиға орны. Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысындағы картингте 10 жастағы бала көз жұмды. Карт басқарған жасөспірім қоршауды бұзып өтіп, "ГАЗ-53" көлігіне соғылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 2 мамырда Іле ауданында орналасқан картингте болған.

Ведомство оқиға орнында қазір жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша карт айдап келе жатқан бала пластмассадан жасалған қоршау блоктарды бұзып өтіп, сол жерде тұрған "ГАЗ-53" су тасығыш көлігімен соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, карт әйел басқарған болуы мүмкін басқа карттың соққысынан инерция арқылы қоршаудан шығып кеткен.

Аудандық полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ куәгерлер анықталып, жауап алынуда", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1967686-almaty-oblysyndagy-kartingte-10-zastagy-bala-mert-boldy/