Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен төрт баланың әкесі қамауға алынды

Опубликовано:

Зорлық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысында өз әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен төрт баланың әкесі қамауға алынды. Марқұмның туыстары ер адам 38 жастағы жұбайын арақ ішуден бас тартқаны үшін соққыға жықты деп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жақындарының сөзінше, 15 жыл отасқан күйеуі әйелін балаларының көзінше ұрып-соққан. Осыған дейін де соққының астында жүрген келіншек "балаларым үшін шыдаймын" деген көрінеді.

"Соңғы рет үйіне ішіп келген отағасы екі шөлмек коньяк әкеліп, біреуін әйелінің аузына құйған, ал қарсыласқан кезде басынан бос бөтелкемен ұрған" дейді туыстары.

"Қызды сүйреп үйіне дейін әкелген. Бетінен ұрған, тісін сындырған. Шашынан жұлған. Шаштан шаш қалмаған. Тістен тістің бәрін қағып алған. Ол аз деп, үстіне секіріп, қыздың үстіне секіріп, қызымның қабырғасын сындырған. Жүрегі мен өкпесін жабыстырып жіберген", - дейді марқұмның анасы.

Ал тәртіп сақшылары қылмыстық іс бір бап бойынша қозғалғанын, күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.

"Күдікті қылмысын толық мойындап, өкінішін айтуда. Айғақ зат ретінде алынған заттарға қатысты сот сараптамасы тағайындалды. Күдікті профилактикалық есепте тұрмайды. Көршілері мен туыстарынан жанжал-шу болғаны жайлы арыз-шағым осы күнге дейін түспеген", - деді Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының тергеушісі Еділ Алтынбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1967889-turkistan-oblysynda-aielin-uryp-oltirdi-degen-kudikpen-tort-balanyn-akesi-qamauga-alyndy/

pixel