Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында суару каналына екі бала батып кетті

Опубликовано:

Суару каналына екі бала батып кетті
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылының шетінде орналасқан суару каналына 6 және 8 жастағы екі бала батып кетті. Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 6-8 жастағы екі баланың суару каналына батып кеткені туралы ақпарат ТЖД қызметкерлеріне 3 мамыр күні сағат 19.05-те келіп түскен.

Оқиға орнына келген құтқарушылар ені 6 метр, тереңдігі 1,5 метр болатын суару каналынан туыстары 2014 жылғы қыз және 2015 жылғы ұл баланың денесін алып шыққанын анықтаған.

"Олар тұрғын үйден 300 метр қашықтықта ойнап жүрген кезде ересектердің қарауынсыз қалып, суару каналына құлап, батып кеткен", - дейді өңірлік ТДЖ баспасөз қызметінен.

Осыған байланысты Алматы облысының ТЖД қызметкерлері жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін ата-аналардан кәмелет жасына толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

"Үйлері су арналарының, өзендер мен су қоймаларының жанында тұратын ата-аналар балаларына жіті назар аудару керек", - дейді ведомстводан.

Еске сала кетсек, бұған дейін 2 мамыр күні Шымкент қаласы Қаратау ауданы "Қайтпас-1" ықшамауданында 2007 жылы туған жасөспірім карьер шұңқырындағы суға батып кетіп, көз жұмғанын жазған едік.

Баланың денесін жедел-құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері алып шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1967989-almaty-oblysynda-suaru-kanalyna-eki-bala-batyp-ketti/

pixel