Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада ер адам жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырды

Опубликовано:

Елордадағы жол апаты
Оқиға орны. Фото: Instagram/kris.p.astana

Бүгін, 4 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында көлік жүргізушісі кішкентай баласы бар әйел адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетпек болды. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған жол апаты туралы Instagram желісіндегі kris.p.astana парақшасынан белгілі болды. Видеоның астында жол-көлік оқиғасының Республика даңғылы мен Кенесары-хан көшесінің қиылысында сағат 15:05 шамасында орын алғаны хабарланған.

KAZ.NUR.KZ тілшісі оқыс оқиға туралы пікір алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасына жүгінді.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, "Лада Ларгус" жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Артынша оқиға орнынан ізін жасырған.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері автокөлікті Отырар көшесіндегі үйдің ауласында тоқтатқан. Рөлде 58 жастағы жүргізуші отырғаны белгілі болды. Қазір ол куәландыруға жіберілді.

"Бұл факті бойынша анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша кінәлі адамға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады", - деді департамент өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жол апаты салдарынан әйел адам мен бала зардап шекті.

Қазіргі уақытта оларға қойылған диагноз бен жағдайларына қатысты ақпарат жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1968048-elordada-er-adam-zayau-zurginsilerdi-qagyp-ketip-oqiga-ornynan-izin-zasyrdy/

pixel