Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жол апатынан алты адам зардап шекті (фото)

Опубликовано:

жол апаты
Оқиға орнынан фото: ҚР Ұлттық гвардиясы

Ақтаудағы 14-шағын ауданда үш көліктің қатысуымен жол апаты болды. Апат салдарынан алты адам зардап шекті. Әскерилер жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери қызметкерлер "ВАЗ-21099", "Тойота Камри" және "Тойота Лэнд Крузер" көліктерінің қатысуымен болған жол апатының куәгерлері болған.

Оқиға бір күн бұрын қаладағы дәмханалардың бірінің маңында тіркелді.

Салдарынан алты адам жарақат алып, барлығы Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілді.

Аға лейтенант Сабыр Құралов жедел жәрдем мен жол полициясы қызметкерлерін шақырып, тәртіп сақшыларымен оқиға орнын қоршауды ұйымдастырған.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, әскерилер медицина мамандарымен бірге жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсетіпті.

Төтенше жағдай кезінде нәтижелі әрі жедел әрекет еткені үшін әскери бөлімнің басшылығы қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1968508-aqtauda-zol-apatynan-alty-adam-zardap-sekti-foto/

pixel