Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда орын алған өрт салдарынан 11 отбасы баспанасыз қалды

Опубликовано:

Өрт
Оқиға орны. Фото: Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі

Қостанайда тұрғын үй секторынан өрт шығып, салдарынан бірнеше үй мен көлік зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 мамыр кешкі 17.23 шамасында Қостанай қаласы Набережная көшесіндегі тұрғын үй секторында өрт тұтанған.

Алдымен қала шетінде Тобыл өзенінің бойында қамыс жанып, бір сәтте отқа оранған. Қатты желдің салдарынан өрт жақын маңдағы үйлерге тарап, көше бойындағы жеке сектордың ауладағы құрылыстарын шарпыды.

Өрт 1000 шаршы метр аумақты қамтып, өрттің салдарынан 11-ден астам тұрғын үй мен 6 шаруашылық құрылыс және 4 автокөлік (оның ішінде 2 жүк көлігі), сонымен қатар 2 тұрғын үй ішінара зардап шеккен. Жанған қамыстың аумағы 1,5 гектардан асты.

Өрт
Оқиға орны. Фото: Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге күшті жел мен қою түтін, сондай-ақ бір-біріне жақын орналасқан тұрғын үйлер мен аула құрылыстары кедергі болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, Набережная көшесі бойынша 25 адам (оның ішінде 5 бала) эвакуацияланды.

Қостанай қаласының әкімдігі тұрғындарды қоныстандыру үшін "Достық" профилакторийінде уақытша пункт дайындады.

Өрт
Оқиға орны. Фото: Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі

Өрт 20:15-те ауыздықталып, 21:24-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД күш-құралдары жұмылдырылды (14 техника және жеке құрамнан 85 адам).

Өрттің шығу себебі және залалы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1968613-qostanaida-oryn-algan-ort-saldarynan-11-otbasy-baspanasyz-qaldy/

pixel