Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда сегіз жасар баланы көлік қағып кетті

Опубликовано:

Кішкентай бала велосипед теуіп келеді
Көрнекі фото: pexels.com

12 мамырда астанада жол апаты болып, сегіз жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция кәмелет жасқа толмаған бала "ГАЗель" көлігінің астына түсіп қалғанын хабарлады. Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі Сусамыр көшесінің бойымен Малахов көшесіне қарай бара жатқан, ал жеткіншек жанында велосипед теуіп келе жатқан.

"Алған жарақаттары салдарынан сегіз жасар бала оқиға орнында қаза тапты", -деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - деді астаналық полицейлер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысы аумағындағы Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолының 571-шақырымында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1969119-nur-sultanda-segiz-zasar-balany-kolik-qagyp-ketti/

pixel