Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Текеліде лай көшкіні салдарынан жоғалып кеткен 5 жасар қыздың денесі табылды

Опубликовано:

Жоғалған қыздың денесі табылды
Фото: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысы Текелі қаласы аумағында жүрген лай көшкіні салдарынан жоғалып кеткен 5 жасар қыз баланың денесі табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, 15 мамыр күні сағат 18.15-те 2016 жылы туған қыз баланың денесі бұзылған үйінді астынан табылған.

Бүлдіршіннің денесін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің "Багира" атты қызметтік иті тапқан.

Жоғалған қыздың денесі табылды
Фото: Алматы облысы ТЖД

Еске сала кетсек, 15 мамыр түс кезінде Алматы облысы Текелі қаласы аумағында сел жүрді. Салдарынан 5 үй батпақ астында қалып, соның ішінде бір үй толығымен лайға батып кеткен болатын.

Дәл осы үйдегі 5 жасар бүлдіршін із-түзсіз жоғалып кетті. Оны іздеу жұмыстарына 200-дей адам жұмылдырылған еді.

Ал Алматы облыстық ТЖД бүгін сағат 12.10-да Текелі қаласында (алдын ала мәлімет бойынша ұзындығы 50 метр, ені 25 метр, биіктігі 3,5 метр, көлемі 4375 текше метр балшық массасы) лай көшкіні жүргенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1969361-tekelide-lai-koskini-saldarynan-zogalyp-ketken-5-zasar-qyzdyn-denesi-tabyldy/

pixel