Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өздігінен тұра алмаған": Шымкентте 73 жастағы қария кір жуғыш машина мен қол жуғыш арасына қыстырылып қалды

Опубликовано:

73 жастағы қария кір жуғыш машина мен раковина арасында қысылып қалды
Жуынатын бөлмеде қыстырылып қалған қария. Фото: Шымкент қалалық ТЖД

Шымкентте егде жастағы ер адам кір жуғыш машина мен қол жуғыш арасына қыстырылып қалды. Мүлдем қозғалыссыз қалған қарияға құтқарушылар көмекке келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жуынатын бөлмеде абайсызда қуысқа құлап кеткен 73 жастағы ер адамға әйелі де көмектесе алмапты. Өйткені оны орнынан қозғалту мүмкін болмаған.

Оқиға 14 мамыр күні сағат түскі екілер шамасында орын алған.

"ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жангелдин көшесіндегі 73 жастағы ер адамға көмек көрсетті. Ол өздігінен тұра алмай, қозғалалыссыз жатқан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қысылып қалған қарт адамды тұрғызып, жуынатын бөлмеден шығарып, жатын бөлмесіне жеткізді. Ол медициналық көмектен бас тартқан", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Еске сала кетейік, өткен аптада Түркістан облысында тереңдігі төрт метр дәретханаға құлап кеткен бір жасар сәби құтқарылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1969521-ozdiginen-tura-almagan-symkentte-73-zastagy-qariya-kir-zugys-masina-men-rakovina-arasyna-qystyrylyp-qaldy/

pixel