Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Щучинск қаласындағы базарда ірі өрт болып, бір адам қаза тапты (фото, видео)

Опубликовано:

Өртенген базар ғимараты
Оқиға орнынан фото: Ақмола облыстық ТДЖ

Ақмола облысы, Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы "Жомарт" базарының бір қабатты жеке тұрған ғимараты өртеніп, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай бүгін, 18 мамырда болған. Өрт туралы хабарлама қалалық ТЖД-ға сағат 04-50-де келіп түскен.

Өртті сөндіруге 97 өрт сөндіруші жіберілген. Өрттің жалпы аумағы 1700 шаршы метрді қамтыған. Негізі ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метрді құрайды.

45 минут ішінде өрт сөндірушілер өртті оқшаулап, жалынның таралуына жол бермеген. Осылайша екі сағат ішінде өрт толығымен сөндірілген.

Өртенген базар ғимараты
Оқиға орнынан фото: Ақмола облыстық ТДЖ

Өрт сөндіру барысында бір ер адамның денесі табылған. Алдын ала болжам бойынша ол базардың күзетшісі болуы мүмкін. Қазіргі таңда анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек оқиға орнында өрт-техникалық зертханасы, полицейлер жұмыс істеуде. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өрт шыққан базар ғимараты
Оқиға орнынан фото: Ақмола облыстық ТДЖ

Осы орайда Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Мамандар өрт болған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1969817-shhucinsk-qalasyndagy-bazarda-iri-ort-bolyp-bir-adam-qaza-tapty/

pixel