Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Атакентте өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Атакенттегі өрт
Атакенттегі өрт. Видеодан кадр: instagram.com/megapolis.kz

Алматыда "Атакент" іскерлік серіктестік орталығындағы павильондардың бірі өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство Алматыдағы ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданы Тимирязев көшесі, 42 мекенжайына тез арада аттанғанын мәлімдеді.

"Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер №9 павильонның өртеніп жатқанын анықтады. Оның таралу қаупі жоқ",- деді Алматы ТЖД баспасөз қызметінде.

Ведомство дерегінше, оқыс оқиға орнында жедел штаб пен өрт сөндірудің екі учаскесі құрылған. Сондай-ақ өрт оқпандары іске қосылып, автоцистерналар батыс және шығыс жағынан гидранттарға орнатылған.

ТЖД алдын ала мәліметі бойынша, қазір павильон бос тұр. Ал орталық әкімшілігі ғимаратта қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Осыған дейін павильонда "Дельфин" бассейні орналасқан болатын.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір ТЖ орнында 17 бірлік техника мен жеке құрамның 50 адамы жұмыс істеуде.

"Жүргізілген шараларға байланысты өрт сағат 17:11-де ауыздықталды", - деді қалалық ТЖД.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1969926-almatydagy-atekentte-ort-syqty-video/

pixel