Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бет сүйегі сынған: БҚО-да үстіне теледидар құлап кеткен екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

Опубликовано:

аурухана11
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында екі жасар бүлдіршіннің үстіне теледидар құлап кетті. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, оқыс оқиға Бәйтерек аудандық ауруханасында болған.

Ауыл тұрғыны қызына анықтама алу үшін медициналық мекемеге барған. Сол уақытта ойнап жүрген баланың үстіне үлкен теледидар құлап кеткен.

Дәрігерлер сәбиге уақытында алғашқы көмек көрсетіліп, ауырсынуды басатын дәрі егілгенін жеткізді.

Сонымен қатар бас сүйегі мен кеудесі рентгенге түсіріліп, санитарлық авиация да шақыртылған.

Бірақ баланың жағдайы нашарлап кеткен соң арнайы көлікпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Қазіргі уақытта бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр.

"Баланың бас сүйегі сынып, субарахноидальды қан кетті деген диагноз қойылды. Ауыр соққыдан бет сүйегі сынған. Жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты", - деді Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Ал полицейлер бұған қатысты "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Авторы: Е. Карин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1969961-bet-suiegi-syngan-bqo-da-ustine-teledidar-qulap-ketken-eki-zasar-bala-zansaqtau-boliminde-zatyr/

pixel