Қостанайда ер адам мен полицейлер өртеніп жатқан көліктен жүргізушіні шығарып алды (видео)

Опубликовано:

Көлік
Оқиға орнынан фото: Қостанай облыстық ПД

Қостанайда 29 жастағы жігіт отырған көлік өртеніп кетті. Оны салоннан куәгерлер мен тәртіп сақшылары шығарып алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегіне сүйенсек, 19 мамыр күні "102" пультіне "Юбилейный" ауданында "ВАЗ-2114" көлігі өртеніп жатқаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына жақын маңда жүрген патруль көлігі барған. Ал жақын маңда тұрған жігіт көлік ішінде адам бар екенін айтқан.

"Өртенген көлікке жүгіріп барып, есікті жүргізуші жақтан аштық. Рөлде отырған жүргізуші ес-түзссіз халде болды. Көлік жүргізушісін салоннан шығарып алып, қауіпсіз қашықтыққа, автобус аялдамасына апардық",- деді полицей Айдар Жұманиязов.

Артынша тәртіп сақшылары қайта келіп, көлікті түгелдей қарап шыққан. Салонда жолаушылар болмаған.

Құқық қорғаушылар барлық қауіпсіздік шарасын қабылдаған. Жақын маңдағы көліктер мен тұрғындар эвакуацияланды. Сондай-ақ көліктің қозғалтқышы өртенгені белгілі болды. Өрт ауыздықталды.

Полицейлер
Фото: Қостанай облыстық ПД

Осы ретте белсенділік танытқаны үшін қостанайлық Бауыржан Тәжібаев марапатталды. Оған ІІМ логотипі бар сағат берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970065-qostanaida-er-adam-men-policeiler-ortenip-zatqan-kolikten-zurgizusini-sygaryp-aldy-video/