Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда мектеп оқушысы білім ордасының жанындағы кәріз құдығына құлап кетті

Опубликовано:

жедел жәрдем
Фото: instagram.com/zello_atyrau

20 мамырда Атырауда бастауыш сынып оқушысы мектеп жанындағы кәріз құдығына құлап кетті. Бұған қатысты коммуналдық ұйым пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі zello_atyrau тобында жарық көрді.

Онда орта мектептің жанында бастауыш сыныптың оқушысының кәріз құдығына құлап кеткені айтылған.

Бұған қатысты "Атырау облысы су арнасы" мекемесі түсініктеме берді.

"Құдықтың жанындағы бос жерді толтыру ғана қалған, жұмысшылар топырақтың жеткізілуін күтіп отырған еді.

Қасынан өтіп бара жатқан балалар кенет қоршаудың артына жүгірді. Олар "тоқтаңдар" деген сөзге жауап берген жоқ. Салдарынан балалардың бірі абайсызда құдықтың шетіндегі саңылауға түсіп кетті", - деді қалалық ұйым өкілдері.

Сонымен қатар, мекеме баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын, оның жеңіл дене жарақат алғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970334-atyrauda-mektep-oqusysy-bilim-ordasynyn-zanyndagy-kariz-qudygyna-qulap-ketti/

pixel