Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көліктің жүксалғышында тұншығып қалған үш бала ажал құшты

Опубликовано:

Шымкентте үш бала көліктің жүксалғышында көз жұмды
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте көліктің жүксалғышына кірген бір үйдің үш баласы көз жұмды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Полиция мәліметінше, қайғылы оқиға 19 мамыр күні болған. Ата-анасы жоқ кезде үйдегі үш бала көліктің жүксалғышына мінеді. Кейін одан қайтып шыға алмай, үшеуі де тұншығып қалған.

Екі бала оқиға орнында көз жұмса, біреуі 20 мамыр күні жансақтау бөлімінде жан тапсырды.

"Қаратау аудандық полиция бөліміне үш кішкентай баланың тұншығып қалғаны туралы ақпарат түсті. Полицейлер дереу оқиға орнына барды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетелік, 20 мамыр күні Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болып, үш адам қаза тапқан болатын. Олардың қатарында жаңа туған нәресте де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970425-symkentte-koliktin-zuksalgysynda-tunsygyp-qalgan-us-bala-azal-qusty/

pixel