Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" автожолындағы көпірді су шайып кетті

Опубликовано:

Алматы-Өскемен автожолы
Фото: Алматы облысы ТЖД

Республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" автожолында толастамай жауған жаңбыр салдарынан таудан еңіске бағытталған ағын су көпірді шайып кетті. Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы облысының Ақсу ауданы аумағындағы "Алматы-Өскемен" автожолынының 395 шақырымында жауын-шашыннан ағын су қалыптасып, нәтижесінде диаметрі 1,5 м құбырлы көпірді шайып кеткен. Департамент мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Облыстық ТЖД маңызды автожолды уақытша алмастыратын Матай-Лепсі-Көлбай ауылы арқылы айналма жол бар екенін жеткізді.

"Молалы ауылының жанында және Көлбай ауылының бұрылысында жол бойындағы көлік қозғалысын қайта бағыттау үшін жол полициясының бекеттері орнатылды.

Төтенше жағдай орнында жедел штаб құрылып, "Сити Контракшн" ЖШС мердігер ұйымы (10 жұмысшы және 4 техника) уақытша айналма жолды салу бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Көліктер байқалмайды, төтенше жағдай орнында күзет бекеттері орнатылған.

Штаб жұмысын ұйымдастыру және түнгі уақытта жұмыстарды жүргізу үшін оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970479-respublikalyq-manyzy-bar-almaty-oskemen-avtozolyndagy-kopirdi-su-saiyp-ketti/

pixel