Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан ағаштар құлап, үйлерді су басты
Опубликовано:

Алматыда жексенбі, 22 мамырда толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қалада су басудың бес жағдайы тіркелді. Бұл туралы оңтүстік астана әкімдігінің ресми Telegram-каналы хабарлайды.
Әкімдіктің мәліметінше, толассыз жауған жаңбыр салдарынан 7 хабарлама түскен. Оның бесеуі су басу, екеуі ағаштардың құлауы туралы.
"Қазіргі уақытта мегаполистің коммуналдық қызметтері апат салдарын жоюмен айналысып жатыр. Барлығы 40 арнайы техника мен 120-дан астам жұмысшы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" автожолында тоқтамай жауған жаңбыр салдарынан таудан еңіске бағытталған ағын су көпірді шайып кеткенін жазған болатынбыз.
Алматы облысынының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970491-almatyda-tolassyz-zaugan-zanbyr-saldarynan-agastar-qulap-uilerdi-su-basty/