Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам көз жұмды (видео)

Опубликовано:

көлік оқиғасы
Оқиға орнынан фото: instagram.com/oo_osa_semey_vko

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылының маңында жол апаты болып, салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдегңі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол көлік оқиғасы кеше, 22 мамырда тіркелді.

Полицияның мәліметінше, Алматы-Өскемен тас жолының 959-шақырымында Nissan Cefiro көлігі жоғарғы жылдамдықпен келіп, тіркемесі бар трактормен соқтығысқан.

Соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір адамның дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілгені белгілі болды.

Ведомство аталған факті бойынша "Абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы" бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

Қажетті сараптамалар тағайындалған. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970492-sqo-da-zantursigerlik-zol-apaty-bolyp-bes-adam-mert-boldy-video/

pixel