Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Беті ғана сау қалған": Ақтөбеде 13 жасар қызды бұралқы иттер талап тастады

Опубликовано:

Ит
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде 13 жасар қызды бұралқы иттер талап тастады. Оқушының басынан бастап, қол-аяғы мен денесінің ит тістемеген жері қалмаған. Оны тұрғындардың бірі арашалап қалған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, иесіз иттер оқушыға мектептен қайтар жолда шапқан. Куәгерлер сол жерде 15 шақты қаңқыған ит жүргенін айтады. Бірі оқушының аяғынан, бірі қолы мен басынан тістеп жұлмалапты. Қазір денесінің сау-тамтығы қалмаған қыз ауруханада жатыр. Баланың шошынғаны сонша, тек дәрінің көмегімен ұйықтайды.  

"Жеуге қалған ғой тек. Дым жоқ. Табанына дейін. Тек бетін жапқан.  Мойны, беті ғана сау қалған. Басын кәдімгідей жұлып алған... Тағы бір 34 минут кеткенде, кеңірдегінен үзіп өлтіретін еді", - дейді анасы Алтынгүл Жарылғапова.  

Ақтөбе облысы балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Қуантай Махамбетовтің сөзінше, ит тістеген және басқа да жануарлардан алған жарақатпен ауруханаға жүгінетіндер көп.

"Ит тістеген, иттің басқа да жануарлардың жарақатымен медициналық көмекке жүгінетіндер көп. Күніге кемінде үшеутөртеу болады. Бірақ олардың бәрі бірден ауруханаға жатқызылмайды. Себебі, ол жарақаттарына байланысты", - дейді Қуантай Махамбетов.

Ветеринарлар иесіз ит-мысықты атуға жаңа заң тыйым салғанын айтады. Ал аулап, күтіп-бағуға қатысты ережені экология министрлігі әлі бекітпеген.

"Бюджет классификациясына өзгерістер енгізуі керек. Ол да өзгеріс енгізілмегендіктен, қағида бекітілмегендіктен, қолымыз байлаулы. Бүгінгі күні жұмыс жасай істей алмай, ит аулау тоқтатылып тұр. Итті ауласақ ол заң бұзу болып кетеді. Оған біреу жауап беру керек", - деді Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаров.

"Жануарларды қорғау туралы" заң наурызда ғана күшіне енген. Ал қосымша қағидаларын орман шаруашылығы комитеті қабылдауға тиіс.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970664-beti-gana-sau-qalgan-aqtobede-13-zasar-qyzdy-buralqy-itter-talap-tastady/

pixel