Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында белгісіз заттан уланған тағы бір адам көз жұмды

Опубликовано:

науқас
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында белгісіз заттан уланып, қайтыс болғандар саны алты адамға дейін өсті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, белгісіз заттан уланып, өкпені жасанды желдету аппартында жатқан 1980 жылғы азамат қайтыс болған.

Сонымен қатар мекеме уланып қалған тағы бір азаматтың жағдайы өте ауыр екенін оның №3 Павлодар қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқанын атап өтті.

"Мұндай диагнозбен ауруханаға басқа адамдар жүгінбеді", - деп қосты облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысы Ертіс ауылында белгісіз заттан жеті адам уланып, бесеуінің қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Облыстық полиция департаментіні мәліметінше, мән-жайды анықтау кезінде марқұмдардың Ертіс ауылының тұрғынында бір ыдыста сақталған шығу тегі белгісіз сұйықтықты ішкені белгілі болған.

Полиция қызметкерлері аталмыш ыдыс алынып, сараптама тағайындалғанын мәлім етті. Осыдан кейін марқұмдардың өліміне не себеп болғаны анықталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1971493-pavlodar-oblysynda-belgisiz-zattan-ulangan-tagy-bir-adam-koz-zumdy/

pixel