Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында достарымен шомылуға барған 15 жастағы қыз көз жұмды

Опубликовано:

шомылатын айлақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысы Рудный қаласында 15 жастағы қыз достарымен шомылуға барып, өзенге батып кетті. Оның денесін судан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шыққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 29 мамырда сағат шамамен 17.15-те болған. 15 жастағы қыз шомылып жүрген кезде суға батып кеткен.

Белгілі болғандай мектеп оқушысы Тобыл өзенінің Парковая көшесіндеге бөлігіне достарымен келген. Өзеннің аталған бөлігінде шомылуға тыйым салынғаны жайлы белгі болған.

Сағат 19.15-те Қостанай облыстық ТЖД-ның жедел-құтқару жасағы жасөспірім қыздың денесін тауып, судан шығарған.

Осы орайда ТДЖ сақтық шараларын тағы еске салды. Ведомство судағы қауіпсіздік ережелерін әрқашан есте ұстау қажеттігін және рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 14 жастағы жеткіншек Жайық өзенінің рұқсат етілмеген аумағында суға түсіп, батып кеткенін хабарлаған едік.

Одан бөлек Түркістан облысында екі бала карьер суына толған шұңқырға батып кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1971656-qostanai-oblysynda-dostarymen-somyluga-bargan-15-zastagy-koz-zumdy/

pixel