Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемендегі пәтерде газ-ауа қоспасы атылып, 13 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Опубликовано:

Терезе
Оқиға орны. Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd

Өскеменде газ-ауа қоспасы атылып, 13 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ШҚО-ның төтенше жағдайлар департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында.

Ведомство дерегінше, оқиға 30 мамырда Өскемен қаласының Набережная Славский көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде болған.

Газ-ауа қоспасы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде атылған. Салдарынан 1989 жылы туған ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Одан бөлек бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейінгі әйнектер сынып, оқиға болған пәтердегі және іргелес пәтердегі бөлмеаралық қалқалар, бірінші қабаттағы сыртқы есіктер бүлінген.

ТЖД қызметкерлері бас-аяғы 13 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Сонымен қатар оқиға орнында барлығы ШҚО ТЖД-ның 25 қызметкері жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1971695-oskemendegi-paterden-gaz-aua-qospasy-zarylyp-13-adam-evakuaciyalandy/

pixel