Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жол апатынан Gelandewagen жүргізушісі мен екі бала көз жұмды

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Фото: instagram.com/taldykorganec.insta

Алматы - Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алды. Көз жұмғандардың екеуі бала. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Алматы облысының полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды.

Фотоларда аударылып қалған жол талғамайтын көлік көрсетілген. Ал оның жанында жолдың жүретін бөлігінде жатқан зардап шегушілерге көмектесіп жатқан ер адамдар мен әйелдер бар.

Желідегі жазбада көліктің Сарқан мен Үшарал арасындағы тасжолда аударылып қалғаны айтылған.

Алматы облысының полиция департаменті жол апатының 30 мамыр күні Сарқан ауданында болғанын растады.

"Mercedes-Benz G-класс (Gelandewagen) көлігін Алакөл ауданының 29 жастағы тұрғыны басқарған. Алматы - Өскемен тасжолының 443-шақырымында жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай, аударылуға жол берді.

Салонда үш ересек адам мен төрт жас бала отырған. Жол апатынан үш адам, екі бала мен жүргізуші қаза тапты. Тағы төртеуі түрлі жарақатпен Сарқан ауруханасына жеткізілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта Қылмстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол-қозғалысы ережелерін бұзу) тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1971855-almaty-oblysynda-zol-apatynan-gelandewagen-zurgizusisi-men-eki-bala-koz-zumdy/

pixel