Өскеменде подъезд қабырғасы опырылып, көлікке зақым келді (фото, видео)
Опубликовано:

Өскеменде подъезд қабырғасы опырылып, көлікке зақым келді. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, 5 маусымда Өскемен қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары гүрс еткен дауысты естіген. Белгілі болғандай, подъезге кіреберіс тұстағы қабырға есікпен бірге опырылып құлаған.
"Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бірақ құлаған қабырға жақын маңда тұрған автокөлікті зақымдады", - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Департаменттің хабарлауынша, қабырға өздігінен құлаған. Қирандыларды тазалау үшін "Таза Өскемен" қалалық коммуналдық кәсіпорнының бригадасы оқиға орнына келген. Подъезд тұрғындары бригада жұмысшыларына көмектескен.
Басылымың жазуынша, қабырғаның не себепті опырылғаны белгісіз. Бірақ тұрғындар подъезд есігіндегі темірдің балқытылып кесілген тұсын көрсеткен.
"Кім кесіп тастағаны белгісіз, бірақ бұл есік бәрібір "ауаға ілініп" тұрғандай күйде еді", - дейді тұрғындар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1972691-oskemende-podezd-qabyrgasy-opyrylyp-kolikke-zaqym-keldi-foto-video/