Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында полицейлер терезеден құлай жаздаған екі баланы құтқарып қалды (видео)

Опубликовано:

Екі баланы құтқарған полицейлер
Екі баланы құтқарған полицейлер. Фото: Әлеуметтік желіден алынды

Атырау облысында терезеден құлауға шақ қалған екі баланы полиция қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.  

Оқиға 5 маусым күні кешкілік уақытта Атырау облысының Мақат ауданындағы екі қабатты үйлердің бірінде болған. 

Терезенің алдына шығып отырған балаларды көрген көршілері дереу полицияға хабар берген. Сол маңда жүрген полиция қызметкерлері Аслан Мұсаев, Ринат Исимгалиев пен Тайқожа Азбергенов оқиға орнына жеткен.

Арқанның және әріптестерінің көмегімен Аслан Мұсаев жоғарыға өрмелеп шығып, терезенің алдында отырған баланы ішке кіргізген. Оның жанында 2 жастағы сіңілісі де болған. Үйде басқа ешкім болмаған екен.

"Біз жеткенге дейін балалар терезеде ойнап, аяқ-киімдерін жерге лақтырып үлгерген. Пәтер екінші қабатта орналасқанымен терезеге ешқандай қорғаныс торлары қондырылмаған. Балаларды құтқарып далаға шығардық.

Аналары сол уақытта үйге жетті. Оған көршілері хабарласқан. Анасы балаларын кілттеп жұмысқа кеткен. Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әрі қарай бақылау үшін ювенальды полиция инспекторларына жолдадық", - деді полиция лейтенанты Аслан Мұсаев.

Ляззат САЛИМОВА,

Атырау

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1972818-atyrau-oblysynda-policeiler-terezeden-qulai-zazdagan-eki-balany-qutqaryp-qaldy-video/

pixel