Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында дауыл кезінде келіншектің үстіне ағаш құлап кетті (видео)

Опубликовано:

Науқас
Көрнекі фото: Pexels

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысы Абай қаласында соққан қатты дауыл салдарынан бір әйелдің үстіне ағаш құлап кетті, деп хабарлайды Ekaraganda.kz.

Куәгерлердің журналистерге хабарлауынша, дауыл кезінде ағаштың құлап бара жатқанын көрген әйел балаларды құтқаруға ұмтылған. Алайда өзі ағаштың астында қалған. Салдарынан келіншек жарақат алыпты. Құлаған ағаш маңайдағы көліктерге де зақым келтірген көрінеді.

Абай әкімдігінің мәлімдеуінше, ағаштың құлағаны үшін жауапкершілік жергілікті тұрғындар мен пәтер иелерінің кооперативінің мойнында. Өйткені апатты жағдайдағы ағаш кондоминиум аумағында тұрған.

Басылымның жазуынша, қатты жел Абайдағы бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетіп, профильді қаңылтырдың бөліктері жақын жерде тұрған көліктерге зақым келтірген.

Осы ретте Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өңірде ауа райының қолайсыздығынан қайтыс болғандар жоқ екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1972891-qaragandy-oblysynda-dauyl-kezinde-kelinsektin-ustine-agas-qulap-ketti-video/

pixel