Ақмола облысында бензиннен уланған жасөспірім көз жұмды
Опубликовано:

Ақмола облысында 14 жасар бала бензиннен уланып, қайтыс болды. Бұл ақпаратты өңірдің полиция департаменті растады, деп жазады ҚазАқпарат.
Ведомство мәліметінше, бұл туралы 8 маусым күні 15:00-де Бұланды аудандық полиция бөліміне аурухананың медбикесі телефонмен хабарлап айтқан.
Медицина қызметкерінің айтуынша, 2008 жылы туған жергілікті тұрғын "бензиннен улану" диагнозымен қабылдау бөліміне жеткізілген.
Жасөспірімнің ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта тергеушілер оқиға орнын тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысы Ертіс ауылында белгісіз сусыннан жеті адам уланып, бесеуінің қайтыс болғанын хабарлаған едік.
Кейін ауруханада ауыр жағдайда жатқан тағы екі адамның да көз жұмғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1973229-aqmola-oblysynda-benzinnen-ulangan-zasospirim-koz-zumdy/