Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысында суға батып кеткен ер адамның денесі табылмай жатыр

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында ер адам суға батып кетті. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның ақпаратынша, қайғылы оқиға 8 маусым күні Бөкей ордасы ауданында тіркелген.

Ведомство мәліметінше, аудан орталығы Сайқын ауылынан 20 шақырым жерде жиналған суда шомылған 36 жастағы ер адам батып кеткен.

Жергілікті тұрғындардың оның денесін 18.30-дан бастап іздестіргені белгілі болды.

Оқиға орнына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері де келген. Іздестіру жұмыстары бүгін, 9 маусымда жалғасын таппақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 14 жастағы бала Жайық өзенінің рұқсат етілмеген аумағында суға түсіп, батып кеткен еді.

Қайғылы жағдай Ақжайық ауданының Алмалы ауылында 28 мамыр күні болды.

Марқұмның денесі 29 мамыр күні сағат 07.00-де оқиға болған жерден 50-60 шақырым қашықтан табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1973280-batys-qazaqstan-oblysynda-suga-batyp-ketken-er-adamnyn-denesi-tabylmai-zatyr/

pixel