Алматыда ер адамды пойыз басып кетті

Опубликовано:

Пойыз
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 8 маусым күні кешке теміржолдың рұқсат етілмеген жерінен өтіп бара жатқан ер адамды пойыз қағып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жолаушылар пойызының жаяу жүргіншіні басып кеткені туралы ақпарат полицияға 8 маусым сағат 22:10-да түскен.

Қайғылы оқиға Алматы-1 және Алматы-2 станцияларының арасындағы учаскеде болған. Өкінішке қарай, ер адамды құтқару мүмкін болмаған. Ол ауруханада көз жұмды.

Факті Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-бөлігі бойынша ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан қозғалыс немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу") сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынған.

"Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деді полициядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1973317-almatyda-er-adamdy-poiyz-basyp-ketti/