Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда 43 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

күдікті әйел
Көрнекі фото: gazeta.ru

Таразда 43 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 3 маусым күні сағат 17.00 шамасында Тараз қаласының 2-полиция бөліміне қалалық №1 ауруханасынан хабар түскен.

Онда медициналық мекемеге 47 жастағы жергілікті тұрғынның дене жарақатымен түскені айтылған.

Ер адам келесі күні жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Тәртіп сақшылары аталған дерек бойынша жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 43 жастағы азаматтық некедегі әйелі анықталып, ұсталғанын жеткізді.

Қолға түскен келіншек кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Күдіктінің бұрын сотты болмаған анықталды.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1973439-tarazda-43-zastagy-aiel-azamattyq-nekedegi-kuieuin-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel