Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт жұмысшы қайтыс болды

Опубликовано:

АрселорМиттал Теміртау
Фото: ehonews.kz

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт жұмысшы қайтыс болды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты.

Өңір басшысының айтуынша, оқиға жұмыс істемейтін жылу пешіндегі отқа төзімді кірпішті бөлшектеу кезінде болған. Салдарынан 4 адам қайтыс болған, біреуі ауруханада жатыр.

"Оқиға орнында ТЖД, өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары, сондай-ақ комбинат басшылығы және басқа да жауапты тұлғалар жұмыс істеп жатыр.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды ол.

Осыған байланысты NUR.KZ тілшілері Қарағанды облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ақпарат алу үшін жүгінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1973613-arselormittal-temirtau-kasipornynda-tort-zumyssy-qaitys-boldy/

pixel