Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда арнайы жасақ сарбазы суға құлап кеткен 14 жастағы баланы құтқарды (видео)

Опубликовано:

Өзен1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда арнайы жасақ сарбазы суға құлап кеткен 14 жастағы баланы құтқарды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, оқиға 9 маусым күні Алмалы ауданында болған.

Алматы ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбековтің айтуынша, бала достарымен бірге Есентай өзенінің маңайында жүрген. Ол жақтаумен басқа жағалауға өтуге тырысып, суға құлап кеткен. Осы кезде жақын жерде жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы Асқар Тортай мен учаскелік инспектор Руслан Қалиев жүрген.

Суға батып бара жатқан жеткіншекті көрген аға лейтенант Тортай бірден суға түсіп, оған шығуға көмектескен. Қазір баланың жағдайы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бала ата-анасына табысталған.

"Полиция қызметкерлеріне рахмет. Олар дер кезінде көмектесті. Баламның жағдайы жақсы", - деді жеткіншектің анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1973616-almatyda-arnaiy-zasaq-sarbazy-suga-qulap-ketken-14-zastagy-balany-qutqardy-video/

pixel