Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде өрт сөндірушілер көпқабатты үйдегі өрттен 16 баланы құтқарды

Опубликовано:

Өрт
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Семей қаласының өрт сөндірушілері көпқабатты үйдегі өрттен 31 тұрғынды, оның ішінде 16 баланы құтқарып, 50 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Семей қаласының Физкультурная көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шығып, алтыншы қабаттағы пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенген.

Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер 6-қабатқа дейін автосатыны ашып, 2006 және 2008 жылы туған екі баланы түтін басқан тұрғын үйден құтқарған.

"Улану белгілері болғандықтан, олар медициналық мекемеге жеткізілді. Тағы 31 тұрғын, оның ішінде 14 бала өрт сөндірушілердің көмегімен баспалдақ арқылы құтқарылды. Балаларына көмектесуге тырысқан 1980 жылғы пәтер иесі күйік алып, ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері қауіпті аймақтан 50 адамды, оның ішінде 15 баланы эвакуациялады. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 10 техника жұмылдырылды", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметінде.

Ведомствоның мәліметінше, өрттің алдын ала себебі электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974024-semeide-ort-sondirusiler-kopqabatty-uidegi-ortten-16-balany-qutqardy/

pixel