Ақмола облысында екі жасар бала дәретханаға құлап мерт болды
Опубликовано:

Бүгін, 14 маусымда Ақмола облысы Бұланды ауданында қайғылы жағдай тіркелді. Екі жасар бала даладағы дәретханаға құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылымның мәліметінше, 14 маусымда сағат 11:30 шамасында Бұланды аудандық полиция бөліміне ауылдардың бірінің тұрғынынан қоңырау келіп түскен.
Ол жеке үйдің ауласында жүрген 2 жасар ұлының абайсызда құдыққа құлап кеткенін айтқан. Шақырту орнына тәртіп сақшылары мен құтқарушылар, жедел жәрдем көлігі жеткен. Алайда баланы құтқару мүмкін болмаған.
"Баланың оқиға орнында есін жимастан көз жұмғаны анықталды", - дейді полицейлер.
Еске сала кетсек, 12 мамырда Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Қазығұрт елдімекенінде дәретханаға түсіп кеткен бір жасар бала құтқарылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974054-aqmola-oblysynda-eki-zasar-bala-daretxanaga-qulap-mert-boldy/