Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі қызға көмектеспек болған": ШҚО-да жас жігіт суға батып кетті

Опубликовано:

ШҚО-дағы су қойма
Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd

Шығыс Қазақстан облысында 22 жастағы жігіт қаза тапты. Қайғылы оқиға 13 маусымда кешкі уақытта Ұлан ауданында болған. Бұл туралы өңірлік ТЖД Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 13 маусымда Ұлан ауданында сағат 18:30 шамасында рұқсат етілмеген жағажайда оқиға куәгерлері 2000 жылы туған жігіттің денесін судан алып шыққан.

Жақын маңайда демалып жүргендердің бірінің айтуынша, ол айқайлаған дауыс естіген. Осыдан кейін олар бірнеше адам жиналып қалған орынға жүгіріп барған. Осы кезде жас жігітті судан алып шыққан.

"Біз және тағы екі жігіт жасанды дем алдыра бастадық, бірақ суға батқан ер адам есін жимады", - дейді әйел.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері жас жігіттің қайтыс болғанын анықтаған. Қазір полиция қызметкерлері тергеу жүргізуде.

"Алдын ала дерек бойынша жігіт өзімен бірге демалып жүрген екі қызға көмектеспек болып батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974067-eki-qyzga-komektespek-bolgan-sqo-da-zas-zigit-suga-batyp-ketti/

pixel