Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында газ тасымалдаушы көлік өртенді (фото)

Опубликовано:

Газ тасымалдаушы көлік
Фото: Өңірлік ТЖД

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында газ тасымалдаушы көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, Жылыой ауданы Құлсары қаласында автокөліктің жанғаны туралы хабарлама 14 маусым күні сағат 13:34-те түскен.

"Шақырту орнына жеткен №2 МӨСБ қызметкерлері Жылыой ауданы Құлсары қаласы ВS жанар-жағармай бекетіне келген ЗИЛ-130 маркалы газ тасымалдаушы көлігінің кабинасы және қозғалтқыш бөлігінің толықтай жанып жатқанын анықтады",- деп жазылған хабарламада.

Өрт 13:46-да оқшауланып, 13:51-де толықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД Жылыой ауданы №2 МӨСБ төрт қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974166-atyrau-oblysynda-gaz-tasymaldausy-kolik-ortenip-ketti/

pixel