Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда екі қабатты дәмханадан өрт шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында алапат өрт шыққаны туралы видео тарады. Бұл жайтқа қатысты ТЖМ-ның баспасөз қызметі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бастапқыда кейбір желі қолданушысы "Керуен-сарай" өртеніп жатыр деп топшылаған.

Алайда ТЖМ-ның ресми өкілі Талғат Уәлидің мәліметінше, өрт Түркістан қаласындағы екі қабатты "Жеті Тандыр" дәмханасының екінші қабатынан шыққан.

Бұл туралы хабарлама жергілікті ТЖД-ға 16 маусымда сағат 11.48-де келіп түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт 400 шаршы метрді шарпып, ғимараттың шатырына өткен.

"Өрт сағат 12.50-де оқшауланды. Өрт ауданы нақтылануда. Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды. Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өздігінен шығып кеткен. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өртті сөндіруге Түркістан облыстық ТЖД және Апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды", - дейді Талғат Уәли.

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974369-turkistanda-ekiqabatty-damxanadan-ort-syqty-foto-video/

pixel