Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлікке мас күйінде отырған жүргізуші қызды қағып, бірнеше көлікпен соқтығысты (видео)

Опубликовано:

мас адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан самокат тізгіндеген бойжеткен зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Шевченко көшесіндегі жол апатының видеосы тарады. Автор жол талғамайтын көліктің жүргізушісі алдымен электросамокат тізгіндеген қызды қағып, содан кейін бірнеше көлікке соқтығысқанын жеткізді.

Бұған қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 16 маусым күні сағат 09:50-де Toyota Prado жүргізушісі Шевченко көшесімен келе жатып, сол жаққа бұрылған уақытта электр самокат тізгіндеп келе жатқан бойжеткенді қағып кеткен.

Осыдан кейін көлік жүргізушісі Kia K5, Kia Cerato көліктерімен соқтығысқан. Соңғысы инерциямен Mercedes-Benz маркалы көлігімен соқтығысқан.

Полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974546-almatyda-kolikke-mas-kuiinde-otyrgan-zurgizusi-qyzdy-qagyp-birnese-kolikpen-soqtygysty-video/

pixel