Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында найзағай түскен үй өртенді (фото)

Опубликовано:

Өрт
Фото: instagram.com/atyrau_tjd

Атырау облысында тұрғын үйде өрт болды. Қызыл жалынның тұтануына найзағай түсуі себеп болған. Бұл туралы өңірлік ТЖД Instagram парақшасында хабарлады.

Атырау облысы Исатай ауданы Нарын ауылында 17 маусым күні кешке төтенше жағдай болды.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, үйдің шатырынан өрт шыққан. Сол күні жаңбыр жауып, найзағай ойнаған.

"Өрттің шығуына болжам бойынша қатты жаңбыр кезінде найзағай түсуі себеп болған. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Өрт сөндіруге 6-ӨСБ 4 қызметкері мен 1 техникасы, "Тайман" ЖШС 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, 16 маусымда Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан өрт шыққан болатын. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары төрт бала мен бір ересек адамды құтқарған.

Сонымен қатар ведомство қызметкерлері 8-9-қабаттан 3 бала мен 1 ересек адамды құтқарды және 25 адамды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974693-atyrau-oblysynda-naizagai-tusken-ui-ortendi-foto/

pixel