Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта терезе торына басы қысылып қалған 8 жасар бала құтқарылды (видео)

Опубликовано:

терезе
Көрнекі фото: pixabay.com

Балқашта құтқарушылар басы терезе торына қысылып қалған сегіз жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, оқиға 17 маусым Қазбекова көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

2014 жылғы бала басын терезенің металл торына тығып, қайта шығара алмай қалған. Баласына көмектескісі келген ата-ананың әрекетінен де ештеңе шықпаған.

Нәтижесінде құтқарушыларды шақыруға тура келген. Оқиға орнына жеткен мамандар гидравликалық қайшымен металл торды кесіп, баланы шығарып алған.

Жеткіншекке медициналық көмек қажет болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974716-balqasta-tereze-toryna-basy-qysylyp-qalgan-8-zasar-bala-qutqaryldy-video/

pixel