Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда топырақ үйіндісінің астында қалған екі адам мерт болды

Опубликовано:

каска шлем
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда топырақ астында қалған екі ер адам қайтыс болды. Олар жеке тұрғын үйдің жанынан қазылған шұңқырға құлаған топырақтың астында қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің мәліметінше, бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған.

Екі адамның өліміне соқтырған қайғылы жайт 18 маусымда болған.

"Екі ер адам Атырау қаласындағы "Жұлдыз" шағын ауданында орналасқан жеке тұрғын үйдің жанынан шұңқыр қазған. Сол кезде су құбыры жарылып кеткен. Соның салдарынан қазылған шұңқырға топырақ үйіндісі құлаған. Екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалып, шыға алмаған. Екеуі де оқиға орнында қайтыс болды", - дейді құзырлы органнан.

Қайтыс болғандардың бірі – 1989 жылғы, екіншісі – 1999 жылы туған.

Қазір полиция қызметкерлері осы дерекке байланысты тергеу амалдары жүріп жатқанын атап өтті.

Ведомство өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974764-atyrauda-topyraq-uiindisinin-astynda-qalgan-eki-adam-mert-boldy/

pixel