Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жол көлік апатынан 4 адам қаза тапты

Опубликовано:

Тасжол1
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында жол көлік апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Куәгерлердің сөзінше, BMW 5251 көлігі тасжолдан шығып кетіп, сайға  аударылған. 

Сол маңнан өтіп бара жатқан жүргізушілердің алғашқы көмек көрсеткені белгілі болды.  

Алдын-ала болжам бойынша, көліктің салонында екі ер адам мен үш қыз отырған.

Полиция қызметкерлері жастар мінген жеңіл көлік Жетісайға бағыт алуы мүмкін екенін хабарлады.

Қаза тапқан төрт адамның біреуі- көлік жүргізушісі, қалғаны -жолаушы.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары апаттың себебін анықтап жатыр.

Автор: А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974924-turkistan-oblysynda-zol-kolik-apatynan-4-adam-qaza-tapty/

pixel